«Концерт өтпеген»: Қостанай тұрғындарына 5 млн теңге билет ақшасы қайтарылды

/
«Концерт өтпеген»: Қостанай тұрғындарына 5 млн теңге билет ақшасы қайтарылды
istockphoto.com

2025 жылғы 25 қазанда Қостанай қаласында «Akmal» орындаушысының концерті өтуі тиіс болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғындар билет сатып алған. Бірақ іс-шараның тоқтатылуына байланысты жауапкер тұтынушыларға ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерін орындамаған.

Істі қарау барысында көптеген тұтынушылардың төленген қаражатты толық көлемде алмағаны анықталды. Кәсіпкерге сотқа дейінгі талап жолданғанына қарамастан, анықталған бұзушылықтар жойылмаған.

Сот шешімімен жауапкерден жәбірленуші азаматтардың пайдасына 5 380 126 (бес миллион үш жүз сексен мың жүз жиырма алты) теңге өндірілді.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары