Астронавтар не жейді? – NASA ғарыштағы ас мәзірін жариялады

/
Астронавтар не жейді? – NASA ғарыштағы ас мәзірін жариялады
сурет: NASA

NASA ғарышкерлердің ғарыштағы ас мәзірін көрсетті және ол күткендей «түтікшедегі паста» ғана емес. Рационда сиыр етінен барбекю, көкөніс киші, манго және тіпті 5 түрлі жылы соус бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандардың айтуынша, ғарышкерлердің тамағы тек қоректік емес, дәмді де болуы тиіс. Себебі ұзақ миссия кезінде тамақ көңіл күйге тікелей әсер етеді.

Статистика да қызық: 10 күн ішінде экипаж шамамен 43 кесе кофе ішеді, оған қоса алма сидрі де тұтынылады.

Ғарыштағы ас мәзірі арнайы технологиямен дайындалады, тағамдар ұзақ сақталуы, жеңіл болуы және салмақсыздық жағдайында ыңғайлы тұтынылуы керек.

Осылайша, бүгінгі ғарышкерлердің дастарханы бұрынғыдан әлдеқайда өзгеше әрі «жердегі» асқа жақындай түскен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары