Таразда ер адам 5-қабаттағы балконнан секіріп кеткен

/
Таразда ер адам 5-қабаттағы балконнан секіріп кеткен

Тараз қаласындағы Ұлы Дала шағын ауданында ер адам көпшілік алдында бесінші қабаттың балконынан секіріп кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төменде ТЖД қызметкерлері құтқару жастығын жайып қойғанына қарамастан, ол ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Қайғылы оқиға 7 сәуір күні кешке болған.

Ведомствоның айтуынша, 15-шағын аудандағы пәтерлердің бірінде психоневрологиялық есепте тұрған ер адам болған. Ол өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге оған көмек көрсету үшін пәтер есігін ашуға тырысқан.

Терезе жаққа өрт сөндіру автосатылары қойылып, төменде ТЖД қызметкерлері құтқару жастығын жайған. Алайда ер адам бесінші қабаттан секіріп кеткен. Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары