«Бір күні өкінесің»: Еркебұлан Тоқтардың жазбасы көпті ойлндырып қойды

/
«Бір күні өкінесің»: Еркебұлан Тоқтардың жазбасы көпті ойлндырып қойды
Әлеуметтік желіден

Медиажұлдыз Еркебұлан Тоқтар құмар ойынға тәуелділік жайлы пікір білдіріп, желі қолданушыларына ой салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол лудомания мәселесіне қатысты әркім өз жауапкершілігін өзі көтеруі керектігін ашық айтты.

«Лудоман болғандарың менің мәселем емес, сендердің проблемаларың. Ол тығырықтан алып шығатын мен емес, өмір өзі алып шығады, менің басымнан өткен», — деді Еркебұлан Тоқтар.

Сондай-ақ актер бұл жолдың соңы өкінішке апаратынын жасырмады.

«Сендердің қателіктерің әлі алда, қанша рет үлкен ақша әлі саласыңдар, тігесіңдер, сосын бір күні өкініп, түсінесіңдер. Енді қоямын, енді жоламаймын деген түсінік келгенде қоясыңдар», — деп түйіндеді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары