Танымал әнші Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды (ФОТО)

/
Танымал әнші Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Төреғали Төреәлі отбасында қуанышты жаңалық – ол жетінші рет әке атанды. Өнер иесінің жұбайы Толқын қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы әншінің продюсері Жан Мұқанов әлеуметтік желіде хабарлады.

"Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді. Сүйінші! 7 сәуір күні кешкі сағат жетіде жетінші перзент өмірге келді. Бұл – жетінші қыз. Киелі жетілік!", – деп жазды ол.

Продюсердің айтуынша, сәбиге әзірге есім берілмеген. Ол оқырмандардан есім нұсқаларын ұсынып, солардың ішінен таңдау жасалуы мүмкін екенін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар