Гимнасшы Асан Салимов Әлем кубогінің кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қол тіреп секіру жаттығуының финалында қазақстандық гимнаст сенімді өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Алтынхан Темірбек те финалда өнер көрсетіп, осы бағдарламада үздік бестіктің қатарына енді.
Сондай-ақ бұған дейін Каирдегі Әлем кубогы кезеңінде ат снарядындағы жаттығудың финалында Зейнолла Идрисов күміс медаль жеңіп алса, Нариман Курбанов қола жүлдегер атанған болатын.