Айбек пен Нұрбек Оралбайлар Азия чемпионатының финалына шықты

/
Айбек пен Нұрбек Оралбайлар Азия чемпионатының финалына шықты
Оlympic.kz

Қазақстан құрамасының боксшылары ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбайлар Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айбек 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Жартылай финалда Оралбай Түрікменстан өкілі Довлет Исламовты сенімді түрде жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен басым түсті.

Ал Нұрбек 85 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында моңғолиялық Бариахан Доржбен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болды. Екінші және үшінші раундта да үстемдік еткен Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін финалға Сабыржан Аққалықов та (75 келіге дейін) шыққан болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары