Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Номундари Энх-Амгаланмен (Моңғолия) кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Әйгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетйеік, Әйгерім тек спортшы емес, 5 баланың анасы. Ол ана болғаннан кейін де үлкен спортқа қайта оралып, бүгінде Азия чемпионатында жүлдеге ілініп отыр