Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда курьер болып жұмыс істеген қазақстандықтың қаза табуына байланысты мәлімдеме жасады, деп turkystan.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурыз күні Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында болған оқиға туралы министрлік хабардар.
"Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзырлы органдары тарапынан қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына тиісті көмек көрсетуде. Аталған мәселе бақылауда", – делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін қылмыстың жексенбі күні шамамен сағат 16:30 шамасында болғаны хабарланған еді.