"Қасыққұмар": АҚШ тұрғына 30 мыңнан астам сирек кездесетін қасық жинап рекорд орнатты

/
"Қасыққұмар": АҚШ тұрғына 30 мыңнан астам сирек кездесетін қасық жинап рекорд орнатты
сурет: guinnessworldrecords.com

АҚШ-тағы Айова штатының тұрғыны Камеллия Р. Полл әлемдегі ең үлкен қасық жинағына арналған мұражай ашты. Оның коллекциясында 30 000-нан астам сирек және антикварлық қасық бар, деп хабарлайды turkystan.kz guinnessworldrecords.com-ға сілтеме жасап.

Камеллия жинауды өз әжесі сыйлаған күміс қасықтар жиынтығынан бастаған. Сол сәттен бастап, ол бүкіл Америка мен шетелде ерекше қасықтарды іздеуге шыққан.

Жылдар бойы жүргізілген ізденістің нәтижесінде ол 38 162 қасық жинап, өз мұражайын, Mississippi Spoon Gallery-ді ашты.

Бұл жинақ оған Гиннестің рекордтар кітабына енуге мүмкіндік берді және қасыққа деген ерекше махаббатын әлемге паш етті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары