Боксшы Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында қола жүлде алды

/
Боксшы Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында қола жүлде алды
Оlympic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өте алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жерлесіміз 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында таиландтық Бунжонг Синсиримен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Таиланд өкілі төрешілердің шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті

Осылайша Ертуған Зейнуллинов Азия біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) және Валентина Хальзова (75 келіге дейін) үшінші орын алған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары