Павлодар облысында мысықты талдан түсірмек болған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Орталық өндірістік аймақта мысықты талдан түсірмек болып құлаған ер адам көз жұмды», – деп мәлімдеді Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Марқұмның жасы 50-де болған.
Әртүрлі сынықтармен және травматикалық шок жағдайында жедел жәрдем бригадасы оны Павлодар қаласындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізген, алайда ол сол жерде қайтыс болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам алты метр биіктіктен құлаған.