Алматыда паспортизациялау ісі бойынша мемлекет кірісіне 900 млн теңге өндірілді

/
Алматыда паспортизациялау ісі бойынша мемлекет кірісіне 900 млн теңге өндірілді
istockphoto.com

Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ қызметінде паспортизациялау жұмыстарын жүргізу барысында мемлекетке залал келтіруге әкеп соққан қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратураның талап қоюы бойынша сот тәртібімен мемлекет кірісіне 894 177 000 теңге мөлшерінде берешек, сондай-ақ 26 825 310 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді. 

Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді. 

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары