Гвардейск гарнизонындағы сарбаз өлімі: Рота командиріне қатысты тергеу аяқталды

/
Гвардейск гарнизонындағы сарбаз өлімі: Рота командиріне қатысты тергеу аяқталды
istockphoto.com

Биыл 27 қаңтарда сарбаз Е.Рүстемұлының қазасына байланысты Гвардейск гарнизонындағы рота командирінің қызметіне салғырт қарауына қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Лауазымды тұлғаның жеке құрамның қызметін және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталды.   

Қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды.

 Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша, алдын ала тергеу деректерінің басқа мәліметтері жариялауға жатпайды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары