"Кім туу керек?": Абай Бегейдің қызы екінші анасын сынағандарға жауап берді

/
"Кім туу керек?": Абай Бегейдің қызы екінші анасын сынағандарға жауап берді
ашық дереккөзден. Суретте: Абай Бегей мен Фариза Жұманова

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем желіде әкесі мен екінші анасы Фариза Жұманованы сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске салайық, жуырда Абай Бегей сегізінші рет әке атанып, жұбайы қыз баланы дүниеге әкелген еді. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде кең тарап, көпшілік тарапынан түрлі пікірлер айтылды.

Алайда қуанышты сәтпен қатар, кейбір желі қолданушылары әншінің отбасына қатысты сын пікірлер қалдырған. 

"Қыздарымен жағаласып туып жатыр. Бауыр берік болсын", – деп жазған желі қолданушысы.

Осыған байланысты Абай Бегейдің қызы Гүлеркем пікір білдіріп, отбасын қорғап шықты.

"33 жастағы келіншек тумағанда кім туу керек? 40-қа дейін денсаулық жараса, тағы туып, санын 10-ға жеткізіп, әкеміздің арманын орындаңызшы деп отырмыз. Елу жаста босанып жатқандар да бар. Неге дәл бізге келгенде өзгеше қабылдайсыздар?" – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары