Еуроодақ делегациясы Жоғарғы Сотта болды

/
Еуроодақ делегациясы Жоғарғы Сотта болды
Жоғарғы сот

Жоғарғы Соттың судьясы Баян Тоқтарова Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің (EEAS) Орталық Азия бойынша бөлім басшысы Дитмар Крисслермен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Қазақстанның құқықтық жүйесін елеулі өзгерткен үш негізгі жетістік атап өтілді.

Олардың қатарында тиімді жұмыс істейтін әкімшілік әділет жүйесі бар, онда азаматтар мен бизнес мемлекеттік органдарға қарсы істердің шамамен 60%-ында жеңіске жетеді.

Сондай-ақ, жоғары сот сатысына тікелей қолжетімділікті кеңейткен кассациялық соттардың құрылуы, сот жүйесінің қаржылық дербестігі және технологиялық көшбасшылық (талап қоюлардың 95%-ы онлайн түрде беріледі, судьяларға көмек ретінде жасанды интеллект енгізілуде) аталды.

Баян Тоқтарова Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті.

Еуропа Кеңесінің институттарымен, соның ішінде Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия (CEPEJ), Венеция комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобымен (ГРЕКО) белсенді өзара іс-қимылға, сондай-ақ 2025 жылы Страсбургте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Еуропалық адам құқықтары соты арасында қол қойылған меморандумның маңыздылығына ерекше назар аударылды.

2005 жылғы сотты таңдау туралы келісімдер жөніндегі және 2019 жылғы шетелдік сот шешімдерін тану және орындау туралы Гаага конвенциялары аясындағы ынтымақтастықты дамыту халықаралық құқықтық өзара іс-қимылды нығайтудың және сот тәжірибелерін жақындастырудың маңызды құралы ретінде атап өтілді.

Цифрландыру бөлімінің басшысы Нұржан Молдақов кездесу барысында Жоғарғы Соттың цифрлық жетістіктерін, соның ішінде Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктерін таныстырды.

Крисслер мырза Қазақстан Жоғарғы Сотының халықаралық диалогқа ашықтығын атап өтіп, сот жүйесін цифрландыру саласындағы қол жеткізілген нәтижелерді, соның ішінде заманауи технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін енгізуді жоғары бағалады.

Ол Еуропалық Одақтың қолдауымен бірлескен сараптамалық жұмысты дамыту бастамасын қолдап, оның институционалдық ынтымақтастықты нығайту және озық практикамен алмасу үшін маңызын атап өтті.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары