Алматы облысында полиция қызметкерлері Алматы — Боралдай — Шамалған станциясы автожолы бойындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасына жол берген автобус жүргізушісін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті таратқан.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан шыққан пойыз теміржол өткелі арқылы өтіп бара жатқан. Қоғамдық көлік жүргізушісі пойызға жол бермей, салдарынан бір-біріне соғылған», — делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.