"Топтың арасына іріткі салған": Театр актері "МузАрт" тобының құрылу тарихын баяндады

/
"Топтың арасына іріткі салған": Театр актері "МузАрт" тобының құрылу тарихын баяндады

Түркістан театрының актері Шерхан Саматұлы "Қайырлы таң, Қазақстан" бағдарламасында қонақта болды. Сұхбат барысында ол "МузАрт" тобы туралы сахналанған қойылым жайында айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол топтың құрылу тарихы, қойылым сценарийінде қалай жазылғаны туралы айтып берген.

"Басында Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Бесбаев топты құрады.  Яғни, біз трио құрсақ деген арманда жүреді. Мейрамханада ән айтып жатқан Сәкен Майғазиевті көріп қалады. Үшеуі бірігіп, топ құрады. Гастрольдерге шығады. Бір бас продюсер келіп Мақсаттың ойын бұза бастайды. Топтың арасына іріткі салған. Ол Мақсатқа "Сен топқа жараспайтын сияқтысың. Сен жеке ән айтатындай әншісің" дегендей сөздер айтады. Сөйтіп оны жеккөрінішті қыла бастайды. Азғырады, манипуляция жасайды. Ақыры Мақсатты өзі кететіндей қылады. Ең мықты тұсы: Мейрамбектің ауырған кезі. Сол шақта бүкіл халық болып дұғада болған. Сол тұсын балет әртістерінің көмегімен керемет етіп, режиссер істеп шықты. Мұны, бұйырса, қонаққа келгенде көре жатарсыздар", - деді Шерхан Саматұлы.

Айта кетейік, театрландырылған қойылымы өмірден алынғанымен кейбір детальдары әсіреленген немесе көркемдік үшін ойдан құрастырылған болуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары