Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Словакиядан жеңіліп қалды

/
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Словакиядан жеңіліп қалды

Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы матчта Словакия жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу «Түркістан Арена» стадионында өтті. Ойынға бас төреші болып Түркиядан келген Атилла Караоглан бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап қонақтар басымдыққа ие болды. 18-минутта қарсылас команданың ойыншысы Нино Марцелли пенальтиді мүлт жібермей орындады. Екінші таймда Артур Гайдош алыстан бағыттаған соққысымен есеп айырмасын ұлғайтты. Кейін Мағжан Тоқтыбай қарсылас қақпашысының қателігін пайдаланып, гол соқты. Қорытынды нүктені Милан Регуш қойды. Есеп — 1:3.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары