Алматыда алаяқтар қысымына тап болған зейнеткер көз жұмды

/
Алматыда алаяқтар қысымына тап болған зейнеткер көз жұмды

Трагедия 21 наурыз күні болған. Зейнеткер Александр Шершаков таңертең «Жетісу» базарына кеткен, бірақ үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күндіз ол байланыста болған, алайда туыстарының қоңырауларын қабылдамай, қайта-қайта өшіріп отырған. Бір сәтте телефонды бейтаныс ер адам көтерген, содан кейін зейнеткердің өзі сөйлеп, үйге келе жатқанын және бәрін түсіндіретінін айтқан. Отбасы бірден оған қысым көрсетіліп жатқанын сезген.

Соңғы рет зейнеткер туыстарымен сағат 16:21-де сөйлескен. Сол кезде ер адам өзінің Розыбакиев пен Ескараев көшелері маңында екенін және аялдамаға бара жатқанын айтқан. Ол жағдайдың алаяқтармен байланысты екенін растаған.

Осыдан кейін кенеттен оның жағдайы нашарлап кеткен. Зейнеткер көшеде, 4YOU тұрғын үй кешенінің қарсысында есінен танып қалған. Өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырып, көмектесуге тырысқан, бірақ оны құтқару мүмкін болмаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары