Жол көлік оқиғасы салдарынан 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын арқалаған Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы әлеуметтік желіде отбасылық мәселесін жайып салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның жазбасынан бұрынғы енесіне деген өкпе-реніші бары байқалады.
“Жалпы өмір деген қандай, иә?! “Жау алыстан келмейді” деп бекер айтылмаған... 10 жылғы өмірімнің 6 жылын мені күңдеумен, мені өсектеумен күйдірген Шавкаттың шешесіне таңым бар. Қалай баласы UFC-ден табыс әкеле бастады мені күңдеп, өсектеп, жамандады. 2023 жылы аузына келгенін айтып, ұялмай қалай жер басып жүр екен?! Ақыры ажырастырып, басыма түскен қиындыққа күліп, ажыратып тынды. Жегендері – Шавкаттың табысы, таласқандары – менің балдарымның несібесі. Мейлі, қазақ екеніме мың шүкір! Аз уақытта көп нәрселер айтылады...”, – деп жазды Гүлайым Рахмонова.