"Реалда" – даулы жағдай: футболшыларға тағам қоспалары ChatGPT кеңесімен берілген

/
"Реалда" – даулы жағдай: футболшыларға тағам қоспалары ChatGPT кеңесімен берілген

"Реал Мадрид" клубында медициналық шешімдерге қатысты дау туындады. Клубтың бұрынғы нутрициологы Итсиар Гонсалес ойыншыларға арналған тағам қоспалары тегін ChatGPT кеңестері негізінде таңдалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz dailysports.net-ке сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында клубтың медициналық штабына сын айтып, мұндай тәсілді кәсіби емес деп бағалаған.

«Қайсысы жаман екенін білмеймін: осы жағдай ма, әлде қоспаларды тегін ChatGPT ақылына сүйеніп беру ме?», – деді ол.

Бұл мәлімдеме басқа даулы оқиғамен қатар шықты. Бұған дейін шабуылшы Килиан Мбаппе-ге қатысты емдеу барысында қателік кеткені туралы ақпарат тараған. Кей деректерге сәйкес, ойыншының жарақаты дұрыс анықталмай, емдеу процесінде қателік жіберілген.

Осы оқиғалардан кейін клубтың медициналық штабы толық құрамда қызметінен босатылғаны хабарланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары