Ақтауда жедел жәрдем бригадасымен Облыстық көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген науқастық қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында оның көптеген жарақат алғаны анықталған: оң жақтағы 4–8 қабырғалардың сынуы, оң жақ жауырынның сынуы, өкпенің соғылуы, оң жақты гемопневмоторакс, сондай-ақ жамбас пен сегізкөз сүйектерінің сынуы тіркелген.
"Ауыр жағдайына қарамастан, науқас есін біледі, сұрақтарға жауап береді және өздігінен тыныс алып жатыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап, дәрігерлердің тұрақты бақылауында", – деп хабарлады медицина қызметкерлері.
Еске сала кетейік, оқиға кеше, 24 наурыз күні, №6 бес қабатты тұрғын үйде болған. Құлау кезінде қыз алдымен екінші қабат терезесінің үстіндегі металл қалқаға соғылып, кейін жерге құлаған.