АҚШ-тағы Димаштың жанкүйерлері Наурыз мейрамын тойлады

/
АҚШ-тағы Димаштың жанкүйерлері Наурыз мейрамын тойлады

Нью-Йорк қаласында, нақтырақ айтқанда Таймс-сквер алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өткізілді. Аталған мереке қазақ диаспорасының өкілдерін, дипломаттарды, студенттер мен қала тұрғындарын біріктірген ерекше шара болып өтті. Іс-шараға сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі жанкүйерлері белсенді түрде қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мерекелік бағдарлама Қазақстанның Нью-Йорктегі консулдығының ұйымдастыруымен және блогер Жасұлан Ұланның қолдауымен жүзеге асырылды. Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі киім үлгілерін тамашалап, ұлттық музыкамен, сонымен қатар тұсаукесер секілді салт-дәстүр элементтерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарлама аясында Alqissa балалар ансамблі мен Zhetigen тобы өз өнерлерін көрсетті. Аталған топтың орындауында қазақтың ұлттық аспабы — домбыра үні Таймс-сквер кеңістігінде шырқалып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды. Музыканттар Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін америкалық домбырашы Джефф Гершпен бірлесіп орындады.

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақтык ұлттық киімдерін киіп, өз қолдарымен әзірлеген қазақ туы бейнеленген тәттілерді таратып, ерекше мерекелік атмосфера сыйлады.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай бастамалар ұлттық мәдениетті сақтау мен оны жаһандық кеңістікте насихаттаудың маңызды құралы болып табылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары