"Соңғы рет мен мұнда 10 жыл бұрын болғанмын": Алматыда жүрген Мұстафа Өзтүріктің қызы жазба жариялады

/
"Соңғы рет мен мұнда 10 жыл бұрын болғанмын": Алматыда жүрген Мұстафа Өзтүріктің қызы жазба жариялады

Қазақстан таеквондо федерациясының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің қызы - Неслихан Өзтүрік Алматыда әкесінің есімімен аталған көшеге арнайы барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұл сапарынан алған әсері жайлы әлеуметтік желіде жазба қалдырған.

"Бүгін мен Алматыдағы Мұстафа Өзтүрік көшесіне бардым... Әкемнің аты берілген көше. Соңғы рет мен мұнда он жыл бұрын болғанмын. Мен көшені ары-бері жүріп шықтым... Сосын кенеттен бір ойын алаңында оның үлкен суретін көрдім. Мен сөзсіз қалдым. Қалай десем екен... Ол маған өте жақын тұрғандай сезілді", - деп жазды Неслихан Өзтүрік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары