Футболдан Қазақстан құрамасы Намибиядан басым түсті

/
Футболдан Қазақстан құрамасы Намибиядан басым түсті

Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінің тарихындағы алғашқы матчта Намибиямен ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу Астана Арена стадионында өтті. Ойынды бас төреші Виктор Шимусик бастаған Беларусь төрешілер бригадасы жүргізді.

Матч тең деңгейдегі тартыспен басталды, қонақтар есеп ашуға жақын болды, бірақ Бетуэль Музеу соққысынан кейін алаң иелерін бағана құтқарып қалды. Намибиялықтардың айып алаңына асырылған допт ұтымды пайдаланған Ян Вороговский қақпаның бұрышына төмен бағытта дәл соққы жасады. Осыдан кейін қонақтар есепті теңестіруге ұмтылды. Командалар алма-кезек шабуылдап, қауіпті сәттер ұйымдастырды. Екінші таймда Айбол Әбікен бұрыштамадан көтерілген допты қарсылас қақпасына баспен соқты. Есеп - 2:0. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары