Баян Алагөзованың үлкен қызы, блогер Айсәуле Бақытбек жуырда актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың үйіне қонаққа барып, әлеуметтік желіде алған әсері жайлы жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айсәуле актрисаның қоныс тойына қатты тәнті болып, Instagram-stories арқылы жазылушыларына әрбір сәтті көрсеткен. Айсәуленің айтуынша, Жұлдыз Әбдікәрімова қонақ күтудің нағыз шебері, мұндай ерекше сән-салтанатты ол бұған дейін ешкімнен көрмеген.
«Жұлдыз қонақ күтудің деңгейін мүлде басқа биікке көтеріпті, мұнда тіпті мәзірдің өзі ерекше», – деп атап өтті Айсәуле.
