Алматы көшелерінің бірінде тағы жол апаты болды

/
Алматы көшелерінің бірінде тағы жол апаты болды
видеодан алынған скрин

Алматыда Дулати көшесінде, мешіт маңындағы ауданда жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан көліктердің бірі аударылып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео көпшілікті алаңдатты.

Оқиға 24 наурыз күні күннің екінші жартысында болған. Кадрлардан оқиға орнының жанында екі жедел жәрдем көлігі мен патрульдік автокөлік тұрғанын көруге болады.
Төбесіне аударылып қалған жол талғамайтын көлік қайтадан дөңгелегіне тұрғызылған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары