Алматыда жол апаты болып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, апат Медеу ауданында сағат 3:30 шамасында болған.
"Zeekr электромобилінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан Мерседес көлігімен соқтығысқан", - дейді полициядағылар.
Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.