Түркияның Анталья провинциясында контейнер үйлерде шыққан өрт салдарынан алты адам, оның ішінде бес бала көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түркияның Анталья провинциясында контейнер үйлерде шыққан өрт салдарынан алты адам, оның ішінде бес бала көз жұмды.
Өрт жылыжай шаруашылығында жұмыс істейтін шетелдік жұмысшылар тұрып жатқан үш контейнерде болған.
Қайғылы оқиға салдарынан бір әйел мен оның бес баласы қаза болды. Мәліметке сәйкес, қаза тапқан әйел жүкті болған.
Тағы бес адам түтінге уланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем бригадалары жіберілді. Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілді.
Қаза тапқандардың мәйіттері Антальядағы сот-медициналық сараптама институтының мәйітханасына жіберілді.
Аталған факті бойынша тергеу басталып, үш адам ұсталды. Анталья губернаторы Хулуси Шахин оқиға орнына барды.