Республикада ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше автожол учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, боран соғып, көріну қашықтығы төмендеуіне байланысты Қазақстанның бірнеше тасжолында 20 наурыз таңына дейін қозғалысқа шектеу қойылды.
19 наурыз сағат 21:00-ден бастап Қарағанды облысында Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолының 788–906 шақырымы аралығында (Ұлытау облысының шекарасы – Топар кенті) шектеу енгізілді.
Сағат 21:30-дан бастап қосымша шектеулер мына учаскелерде енгізілді:
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, 970–1066-шақырым (Қарағанды – Молодежный кенті);
Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз, 17–217-шақырым (Қарағанды – Қарқаралы).
Ұлытау облысында осы автожолдың 756–788-шақырым аралығы (Жаңаарқа кенті – Қарағанды облысының шекарасы) жабылды.
Павлодар облысында Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолының 1135–1206-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті) жабылды.
Сағат 23:30-дан бастап өңірдегі ауа райының нашарлауына байланысты ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы автожолының 426–587-шақырым аралығы (Кенжекөл кенті – Абай облысының шекарасы) жабылды.
Абай облысында ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы автожолының 587–733-шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Семей) жабылды.
Жолдардың ашылу болжамды уақыты – 2026 жылғы 20 наурыз, сағат 08:00.