Астана қаласында Миллиондаған жазылушысы бар қазақстандық блогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың соты өтіп жатыр. Соңғы жайттарға байланысты блогердің анасы алғаш рет жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Блогердің анасы немерелеріне ата-анасының жоқтығын білдіртпей бірге мерекеге қатысып жүрген бейнелерімен бөлісті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Ерболат балам мектептегі концерттер мен жиналыстарды ешқашан жібермейтін. Бірақ соңғы жағдайларға байланысты бұл жолы келе алмады.
Немерем қазіргі болып жатқан жағдайларды, әкесінің сотта отырғанын білмейді. Сондықтан әкесінің жоқтығын білдіртпей, өзім барып қолдау көрсетіп жүрмін.
Біздің отбасымызға қолдау білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын көп рақмет. Маған да оңай емес. Күндіз түні балаларым үшін дұға жасап жүрмін», — деп жазды Эльмира Елеусізова.
Желі қолданушылары бірауыздан блогердің анасына қолдау лебіздерін жазып жатты.
«Барлығы жақсы болсын, сіз де балаларыңыз да мықтысыздар», «Балаларының бағына аман-есен үйлеріне оралса екен», «Жаным-ау көзі жәутеңдеп қалыпты», - деп жазды желі қолданушылары.