Нұрлан Сабуровтың жұбайы Ресейдегі бизнесін жаба бастады

/
Нұрлан Сабуровтың жұбайы Ресейдегі бизнесін жаба бастады

Комик Нұрлан Сабуровтың жұбайы Диана Ресейдегі өз бизнесін тарату рәсімін бастады. Оған тиесілі «ДС РИТЕЙЛ» компаниясы 2026 жылғы 16 наурыздан бастап ресми түрде жабылу сатысында тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы мәліметтер Бірыңғай мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімінде (ЕГРЮЛ) көрсетілген.

Тізілім деректеріне сәйкес, «ДС РИТЕЙЛ»-дің жалғыз құрылтайшысы әрі таратушысы ретінде Диана Сабурова көрсетілген. Компания 2025 жылғы 12 ақпанда тіркелген және мамандандырылмаған және мамандандырылған дүкендерде азық-түлік, сусындар, темекі және алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатумен айналысқан, сондай-ақ курьерлік жеткізу қызметтерін көрсеткен.

Нұрлан Сабуровтың Ресейде оның концерттерін ұйымдастыратын «Сабр продакшн» компаниясы әлі де тіркелген. Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, 2025 жылдың соңында бұл компанияның салық бойынша шамамен 18 500 рубль берешегі болған.

Сонымен қатар, комиктің өзі 2026 жылғы ақпаннан бері Ресейге кіре алмай жүр. Сабуровқа елге кіруге 50 жылға тыйым салынған. Бұл шешім туралы ол Внуково әуежайында білген, содан кейін Қазақстанға кеткен.

Бұған дейін хабарланғандай, Сабуровтың жұбайы Диана Қазақстанға бармай, Мәскеуде қалған. Бойжеткен әлеуметтік желілерге қайта оралып, Ресей астанасындағы өмірі туралы бөлісе бастаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар