Каспий теңізінде бір тәулік ішінде екі рет жер сілкінді

/
Каспий теңізінде бір тәулік ішінде екі рет жер сілкінді

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, соңғы жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 13:18-де тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның магнитудасы 3,3 баллды құрады. Жер сілкінісінің ошағы 74 шақырым тереңдікте орналасқан.

Осыған дейін сол күні таңғы уақытта да Каспий теңізінде жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 05:57-де тіркеліп, магнитудасы 3,1 балл болған. Бұл жер сілкінісінің ошағы да 74 шақырым тереңдікте жатқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары