Ақмола облысындағы дауыс беру учаскелерінде ерекше акция өтті

/
Ақмола облысындағы дауыс беру учаскелерінде ерекше акция өтті

Ақмола облысындағы дауыс беру учаскелерінде «Кездейсоқ комплимент» атты ерекше акция өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның мақсаты — дауыс беруге келген сайлаушыларға жағымды атмосфера қалыптастырып, көңіл-күйлерін көтеру.

Акция аясында өңір тұрғындары жылы тілектер мен жақсы сөздер жазылған қағаздарды суырып алады. Олардың арасында мынадай жылы лебіздер бар: «Сіздің күніңіз дауыс беруге келу туралы шешіміңіз сияқты тамаша өтсін», «Күлкіңіз бен қатысқаныңыз үшін рахмет», «Сіз бұл күнді одан да жақсы еттіңіз» және тағы басқалары.

Ерекше акция Бұланды, Ақкөл, Атбасар және Егіндікөл аудандарында өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көптеген сайлаушылар акцияға қызығушылықпен қатысып, тілектерді қуана-қуана суырып алып, айналасындағылармен жақсы көңіл-күй бөлісуде.

Бұл бастама дауыс беру күнін жылы әрі есте қаларлықтай етуге, сондай-ақ әрбір азаматтың ел өміріне қатысуының маңыздылығын көрсетуге бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары