ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қарамановтың мәліметінше, еліміздің жаңа Конституциясы бойынша рефрендумда дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокуратура органдарына референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ сот органдарына да талап-арыздар енгізілмеген.
«Бүгін дәл қазіргі жағдайда заңсыз сауал салу және үгіт жүргізгені үшін жауапқа тарту фактілері болған жоқ. Қадағалауды қамтамасыз етуді жалғастырудамыз», – деді спикер «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифинг барысында.