Референдум: Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде 300 сарбаз дауыс берді

/
Референдум: Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде 300 сарбаз дауыс берді

Референдум күні Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде орналасқан №120 сайлау учаскесінде дауыс беру басталған сәттен-ақ белсенділік байқалды. Алғашқылардың бірі болып әскери бөлім командирі, полковник Ерлан Буранбаев өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған сайлау учаскесінде әскери бөлімнің 300 сарбазы дауыс берді. Осылайша, әскери қызметшілер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымдарын танытты.

Дауыс бергендердің қатарында қатардағы жауынгер Әлішер Кәрімов те бар. Ол өмірінде алғаш рет саяси науқанға қатысып, бұл сәттің өзі үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.

«Мен үшін бұл – өмірімдегі алғашқы саяси науқан. Бүгін референдумда дауыс беру арқылы ел болашағына өз үлесімді қостым деп ойлаймын. Әр азамат үшін мұндай маңызды сәтте шет қалмай, өз таңдауын жасау өте маңызды. Біз, жас сарбаздар, Отан алдындағы борышымызды абыроймен атқарып қана қоймай, ел тағдырына қатысты мәселелерге де бейжай қарамаймыз», – дейді қатардағы жауынгер Әлішер Кәрімов.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде жалпы саны 36 сайлау учаскесі ашылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары