ҚМДБ: Паранжа мен қара киім кию - салтымызға қайшы

ҚМДБ: Паранжа мен қара киім кию - салтымызға қайшы

ҚМДБ: Паранжа мен қара киім кию - салтымызға қайшы
ашық дереккөзі
1478
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қара киім жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басқармадағылар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осыған дейін бірнеше рет діни киім мәселесінде өзінің ресми ұстанымын жариялағанын айтып отыр. "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде шариғат талаптарын сақтай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескеріп, жинақы киінуге кеңес береді. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс. Ал паранжа (ниқаб) мен қара киім кию - салтымызға қайшы, бұл ата-бабаларымыздың жолы емес", - делінген мәлімдемеде. Ислам дінінде сақал қоюдың да өзіндік әдебі мен мәдениеті бар екенін айтқан Діни басқарма өкілдері мұсылман жамағатын сақал қоюда оның жарасымына аса мән беруге шақырды. Айта кетейік, кеше, 19 сәуірде Астанада өткен ІІ республикалық имамдар форумында ҚМДБ-ның "Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы" атты ұстанымы жарияланған еді. "Осы құжатта атап көрсетілгендей, еліміздегі барша мұсылман қауымын төл мәзһабымыз - Әбу Ханифа мәзһабын ұстануға шақырамыз. Бір мәзһаб бізді бірлікке, ынтымаққа үндеп, діни алауыздықтан сақ болуға шақырады", - деді ҚМДБ өкілдері. Айта кетейік, кеше, 19 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесуінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтып, мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынғаен еді. "Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", - деген еді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары