"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) банктің он және одан да көп пайыз акцияларын иеленетін акционерлердің құрамы өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.
«ЦентрКредит Банкі» АҚ-ның 41,93% акциясына иелік ететін кореялық Kookmin Bank, өз үлесін Бақытбек Байсейітовке, «Цеснабанк» АҚ және «Цесна» Қаржы xолдингі» АҚ компанияларына толық көлемде сатты», - делінген хабарламада.