Жангелдин ауылындағы екі адамның өліміне күдіктілер Индонезиядан Атырауға жеткізілді

/
Жангелдин ауылындағы екі адамның өліміне күдіктілер Индонезиядан Атырауға жеткізілді

Бұған дейін Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

«Ақ Жайық» басылымы дереккөздерінің мәліметінше, олар 9 наурыз күні Алматыдан ұшып келген рейспен келген.

Еске салайық, күдіктілер 2026 жылғы 24 ақпанда Индонезиядағы Ломбок аралында ұсталған болатын. Операцияны Индонезияның Интерпол Ұлттық орталық бюросының, Солтүстік Ломбок полициясының және иммиграциялық қызметтің бірлескен тобы жүргізді.

Индонезия құқық қорғау органдарының мәліметінше, Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева халықаралық іздеуде болған және Интерполдың «қызыл хабарламалар» тізіміне енгізілген.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары