Дзюдошы Әділет Алмат Австриядағы Гран-при турнирінің чемпионы атанды

/
Дзюдошы Әділет Алмат Австриядағы Гран-при турнирінің чемпионы атанды
ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды. 

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары