Танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелдер қауымын мейраммен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өз лебізін әлеуметтік желіде жариялаған.
“Қымбатты аналар, ардақты әжелер, аяулы жарлар, сүйікті қыздар, асыл әпке-қарындастар! Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әйел – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, ұрпақтың тәрбиесі мен болашақтың бастауы. Әжелеріміздің ақ батасы, аналарымыздың мейірімі, жарларымыздың адалдығы, әпке-қарындастарымыздың қамқорлығы, қыздарымыздың күлкісі – біздің өмірімізді нұрландырып, жүрегімізге жылу сыйлайды. Баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға береке, жүректеріңізге қуаныш тілеймін. Әр күніңіз махаббат пен құрметке толы болсын”, – деп жазды әнші.
Оның тыңдармандары желіде ризашылық білдірген пікірмен жауап берді.