"Базарда жүрген еді": Жазира Жаппарқұл жауапты қызметке тағайындалды

/
"Базарда жүрген еді": Жазира Жаппарқұл жауапты қызметке тағайындалды
Коллаж: Turkystan.kz Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263282-bazarda-sauda-zasap-zurmin-olimpiadanyn-kumis-zuldegeri-zazira-zapparqul

Зілтемірші, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы бойынша ауыр атлетика федерациясының вице-президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайлы спорт журналисі Аслан Каженов әлеуметтік желіде жазды.

"БАЗАРДА ЖҮРГЕН ЕДІ! Жазираның жауапты жұмысқа кіріскенін көріп, қуанып отырмын. Яғни, ол Шымкент қаласы бойынша ауыр атлетика федерациясының вице-президенті. Осыдан жарты жыл бұрын базарда сауда жасап жүргенін естіп едім. Қазір спортқа жауапты министрлік сала ардагерлерін жіті назарға ала бастады. Соның бір көрінісі - батыр қыздың қызметке тағайындалуы. Шыны керек, о баста оның мәселесін әріптесім Нұрсейіт Жылқышыбай көтерген. Кейін құзырлы ведмоство басшылары мен ауыр атлетика федерациясының президенті қол ұшын созыпты. Жазираның берері көп екеніне сенімдімін. Әсіресе, жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесімен бөліседі. Небір чемпиондардың шығуына ықпал етеді. Жалпы Жазира допинг дауына ілікпей, таза өз еңбегімен олимпиада биігін бағындырған қазақ қызы. Енді алдағы жұмысына да сәттілік тілейміз! Керемет жаңалық!", - деп жазылған автор жариялаған мәтінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар