"Менің қызым өз үйіне қонақ емес": Жұлдыз Әбдікәрімова балалар тәрбиесіндегі ерекшелігін атады

/
"Менің қызым өз үйіне қонақ емес": Жұлдыз Әбдікәрімова балалар тәрбиесіндегі ерекшелігін атады

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде қыз тәрбиесі жайлы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Біліп жүргейсіз! Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол менің жалғасым. Мен қызымды өзге үйге “келін боласың”-деп өсірмеймін, өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын. Қызыма қырық үйден тыйым емес, қолдау бар", - деп жазды актриса.

Оның бұл жазбасы оқырмандар тарапынан қолдау тапқан.

"Міне, көзі ашық, көкірегі ояу ана", "Қыз өссе-елдің көркі, Гүл өссе-жердің көркі. Өте керемет қолдаймын", "Керемет айтылды. Менің ойым 100%", "Қыздың қырық жаны жоқ, қызда бір-ақ жан бар. Қыз — қонақ емес, қыз — құт. Қыз — береке. Қыз бар үйдің шамы сөнбейді, төрі бос болмайды. Қыз күлсе — үйдің іші нұрға толады, қыз мұңайса — шаңырақтың шырағы солғын тартады", - деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары