Стратегиядан іске дейін: Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

/
Стратегиядан іске дейін: Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

ІІМ ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Бақтияр Мәкен Премьер-министр Олжас Бектеновтің бүгінгі мақаласына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Олжас Бектеновтің мақаласы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттың нақты шешімдер мен тиімді жұмыс істейтін тетіктерге айналып жатқанын көрсететін мазмұнды құжат.

«Премьер-министр Олжас Бектеновтің мақаласы – жай ғана көрсеткіштер мен жобалар туралы есеп емес. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттың нақты шешімдер мен тиімді жұмыс істейтін тетіктерге айналып жатқанын көрсететін мазмұнды құжат.

Мәтінде анық логика бар: алдымен Мемлекет басшысы қойған міндеттер көрсетіледі, одан кейін олардың бюджет, инвестиция, заңнамалық өзгерістер және институттар арқылы қалай іске асырылып жатқаны баяндалады. Бұл – «Заң және тәртіп» қағидатының нақты көрінісі.

Мұнда жеке-жеке жетістіктер емес, тұтас даму моделі сипатталады. Экономиканы әртараптандыру, энергетиканы жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және атаулы әлеуметтік саясат мәселелері қарастырылған.

Материалдың басты ерекшелігі – тұрақтылық пен әділдікке басымдық берілуі. Экономикалық өсім, қауіпсіздік, әлеуметтік қорғаныс және азаматтардың сенімі біртұтас жүйе ретінде ұсынылады.

Әділетті Қазақстан осылайша қалыптасады: Мұнда шешімдер кездейсоқ емес, заң мен тәртіпке, жауапкершілікке негізделген нақты стратегия аясында қабылдануда», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары