8 наурыз қарсаңында Қазақстанға қанша гүл әкелінеді?

/
8 наурыз қарсаңында Қазақстанға қанша гүл әкелінеді?

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстанда гүл дүкендерінің саудасы қызады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы Қазақстанға 80 млн долларға жуық ақшаға 11 мың тонна гүл әкелінген.

«2025 жылдың 12 айында Қазақстан 77,6 миллион АҚШ долларына 10 954 тонна кесілген гүлдер мен гүл қауыздарын импорттады. 2024 жылы көлемі 1,4 мың тоннаға көп болған», — деп хабарлады ведомство.

Егер осы көлемді елдегі барлық әйелдер мен қыздарға шартты түрде бөлсек, жылына әрқайсысына шамамен бір килограммға жуық импорттық гүлден келеді.

Қазақстанға ең көп гүл Эквадор елінен әкелінеді — бұл жалпы импорттың 41 пайызын құрайды. Бір жыл ішінде ол жақтан 4 586 тонна жеткізілген. Сонымен қатар ірі жеткізушілер қатарында:

Қытай — 2 678 тонна;

Нидерланд — 1 702 тонна;

Колумбия — 778 тонна;

Кения — 739 тонна.

Жалпы гүлдер Қазақстанға 45 елден жеткізілген.

Ең танымал гүл — раушан. Бір жыл ішінде елге 6 219 тонна раушан гүлі әкелінген. Бұл жалпы импорт көлемінің жартысынан астамын құрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары