Әнші Нұртас Айдарбеков әйелі Гүлзира Айдарбековамен арасындағы махаббаты жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нұртас Айдарбековтің ортаншы келіні өзінен: «Жас қосылған сайын махаббат жоғалмай ма?» деп сұрады.
Бұл сауалға жауап берген Нұртас Айдарбеков жұбайымен арадағы қарым-қатынасы жайлы ойымен бөлісті.
"Мамаңды мен негізі махаббатпен алғанмын 1988 жылы. Қазір бізде махаббат десем өтірік болады. Қазір біздің махаббатымыздың барлығы сендерге, немерелерге ауып кеткен. Бізде сыйластық бар. Қазір тек сыйласамыз", – деді ол.