Танымал түрік әншісі Эдис Гөргүлү әуежайда ұсталды

/
Танымал түрік әншісі Эдис Гөргүлү әуежайда ұсталды

Танымал түрік әншісі Эдис Гөргүлү Түркияда атақты адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан есірткі ісі бойынша тергеу аясында әуежайда ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Haber Global сайты жазды.

Бұған дейін Ыстамбұл қаласының Бас прокуратурасы белгілі тұлғаларға қатысты тергеу шеңберінде оны ұстау туралы шешім қабылдаған еді.

Айта кетейік, түрік эстрадасындағы танымал орындаушылардың бірі Эдис Гөргүлү (Edis Görgülü) — поп және dance-pop бағытында ән айтатын әнші. Ол 1990 жылғы 28 қарашада Лондонда (Ұлыбритания) дүниеге келген, ал балалық шағы мен жастық кезеңі Измирде өткен. 

Эдис музыкаға ерте жастан қызығып, 4 жасынан бастап пианино үйренген, кейін ән айтуға ден қойған. Орта білімін Измирдегі Tevfik Fikret лицейінде тәмамдап, кейін Ыстамбұлға қоныс аударып, Galatasaray University-дің коммуникация факультетінде оқыған, сонымен қатар Ыстамбұл университетінің мемлекеттік консерваториясында да білім алғаны айтылады. 

Шығармашылық жолын әншіліктен бұрын актерлікпен бастап, бірқатар сериалдарда көрінген (мысалы, Dinle Sevgili және Hayatımın Rolü сияқты жобаларда). 2014 жылдан бері кәсіби түрде музыкамен тұрақты айналысып келеді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар