Атырауда 83 жастағы енесін пышақтап өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

/
Атырауда 83 жастағы енесін пышақтап өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
istockphoto.com

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында енесін өлтірді деп айыпталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс сотталушының есі дұрыс болмауына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу үшін сотқа берілді.

2025 жылдың 10 мамырында азамат К өзінің төсек тартып жатқан қарт анасын (1942 ж.т.) Жасқайрат ауылына күтім жасау үшін алып келген. Оның әйелі Ж бұған қарсы болып, арты жанжалға әкелген.

2025 жылдың 27 мамырында күйеуінің жоқтығын пайдаланып, Ж дәрменсіз енесінің бас аймағына ас үй пышағымен 4-5 рет соққы жасаған. Жәбірленуші аудандық ауруханада қайтыс болды.

Кешенді сараптамаға сәйкес, Ж (1986 ж.т.) созылмалы психикалық бұзылуымен ауырады – параноидты шизофрения. Денсаулық жағдайы бойынша сотталушы сот отырыстарына қатыса алмайды.

Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, бейнежазбалармен және сараптама нәтижелерімен толық расталған.

Прокурор Ж-ға қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі  психиатриялық ауруханада мәжбүрлі емдеу тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші прокурордың мәжбүрлеп емдеу туралы ұстанымын қолдады.

Сот ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген әрекетті Ж. есi дұрыс емес күйде жасағанын анықтады. ҚК-тің 16-бабына сәйкес ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Ж-ға сот қаулысымен қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханада медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар