Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде шетелдіктермен бірге фильм түсіру туралы ой келгені жайында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Киноның қыр-сырын ақырын зерттеп жүрмін! Америкалықтармен бірлесе фильм түсіру... Болат Атабаев айтпақшы, бір орында омалып отыра бермей, тұр, дамы, өзгер, дегендей ғоой... Америка, 1776 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алып, әлемдік аренада жетекші елге айналған екен. Қаншама жыл тәуелсіз. Еркіндік те бар, заң да бар! Сынға мән бермейді. Қанша адам, сонша ой, оның қайсысына мән бересің. Түсінгенім, бастысы өзіңді тап, ұмтыл!", - деп жазды актриса.
Жазбаның жарияланғанына көп уақыт өтпей жатып, желі қолданушылары бірнеше пікір қалдырып үлгерген.
"Атыңыз аңызға айналсын", "Америка киносын ұнатпайтындар ше?", "Керемет! Мені де алып кетші" деп жазды желі белсенділері.